Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #56 Translated in Kazakh

قُلْ هَلْ تَرَبَّصُونَ بِنَا إِلَّا إِحْدَى الْحُسْنَيَيْنِ ۖ وَنَحْنُ نَتَرَبَّصُ بِكُمْ أَنْ يُصِيبَكُمُ اللَّهُ بِعَذَابٍ مِنْ عِنْدِهِ أَوْ بِأَيْدِينَا ۖ فَتَرَبَّصُوا إِنَّا مَعَكُمْ مُتَرَبِّصُونَ
Айт, ол мұнафиқтарға : «Сендер бізге екі жақсылықтың біреуінің болуын күтудесіңдер ме? Ал, біз сендерге Аллаһтың Өз тарапынан немесе біздің қолдарымыз арқылы азап жеткізілуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер. Біз де сендермен бірге күтушіміз», деп
قُلْ أَنْفِقُوا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا لَنْ يُتَقَبَّلَ مِنْكُمْ ۖ إِنَّكُمْ كُنْتُمْ قَوْمًا فَاسِقِينَ
Айт, ол мұнафиқтарға : «Ерікті немесе еріксіз түрде дүниелеріңді жұмсаңдар. Сендерден ешқашан қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзық бойсұнбаушы адамсыңдар», деп
وَمَا مَنَعَهُمْ أَنْ تُقْبَلَ مِنْهُمْ نَفَقَاتُهُمْ إِلَّا أَنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَبِرَسُولِهِ وَلَا يَأْتُونَ الصَّلَاةَ إِلَّا وَهُمْ كُسَالَىٰ وَلَا يُنْفِقُونَ إِلَّا وَهُمْ كَارِهُونَ
Негізінде, олардың жұмсаған дүниелерінің садақаларының қабыл етілуіне, олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етулері жүрекпен сенбеуі әрі намазға жалқауланып келулері мен садақаларын тек еріксіз түрде жұмсаулары кедергі болды
فَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ بِهَا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنْفُسُهُمْ وَهُمْ كَافِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Сені олардың мұнафиқтардың дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ Оларға бұл өмірде, осы нәрселер себепті азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды
وَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ إِنَّهُمْ لَمِنْكُمْ وَمَا هُمْ مِنْكُمْ وَلَٰكِنَّهُمْ قَوْمٌ يَفْرَقُونَ
Олар мұнафиқтар : «Біз сендерденбіз», деп, Аллаһпен ант ішеді. Бірақ олар сендерден емес. Керісінше, олар қорқақ адамдар

Choose other languages: