Surah At-Tawba Ayahs #35 Translated in Kazakh
اتَّخَذُوا أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَالْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا إِلَٰهًا وَاحِدًا ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ سُبْحَانَهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие құдай етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға Аллаһқа құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа құлшылық етуге лайықты құдай жоқ. Ол Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан пәк
يُرِيدُونَ أَنْ يُطْفِئُوا نُورَ اللَّهِ بِأَفْوَاهِهِمْ وَيَأْبَى اللَّهُ إِلَّا أَنْ يُتِمَّ نُورَهُ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ
Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен өшіргісі келеді. Алайда, кәпірлер жек көрсе де Аллаһ Өз нұрын толық етуді қалайды
هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَىٰ وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ
Ол Аллаһ , серік қатушылар мүшріктер жек көрсе де Өз Елшісін тура жол әрі хақ дінмен, оны ислам дінін барлық діндерден үстем ету үшін жіберді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ كَثِيرًا مِنَ الْأَحْبَارِ وَالرُّهْبَانِ لَيَأْكُلُونَ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۗ وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنْفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ей, иманға келгендер! Анығында, Кітап берілген қауымның дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және оларды Аллаһтың жолынан қайтарады. Ей, Мұхаммед Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
يَوْمَ يُحْمَىٰ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَىٰ بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنُوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْ ۖ هَٰذَا مَا كَنَزْتُمْ لِأَنْفُسِكُمْ فَذُوقُوا مَا كُنْتُمْ تَكْنِزُونَ
Сол қиямет Күні ол алтын-күмістері Жаһаннам отында қыздырылып әрі онымен олардың маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі. Оларға : «Бұл өздерің үшін жиғандарың. Енді жинағандарыңды татыңдар», делінеді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
