Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #38 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ كَثِيرًا مِنَ الْأَحْبَارِ وَالرُّهْبَانِ لَيَأْكُلُونَ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۗ وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنْفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ей, иманға келгендер! Анығында, Кітап берілген қауымның дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және оларды Аллаһтың жолынан қайтарады. Ей, Мұхаммед Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
يَوْمَ يُحْمَىٰ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَىٰ بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنُوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْ ۖ هَٰذَا مَا كَنَزْتُمْ لِأَنْفُسِكُمْ فَذُوقُوا مَا كُنْتُمْ تَكْنِزُونَ
Сол қиямет Күні ол алтын-күмістері Жаһаннам отында қыздырылып әрі онымен олардың маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі. Оларға : «Бұл өздерің үшін жиғандарың. Енді жинағандарыңды татыңдар», делінеді
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِنْدَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ ۚ ذَٰلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ ۚ فَلَا تَظْلِمُوا فِيهِنَّ أَنْفُسَكُمْ ۚ وَقَاتِلُوا الْمُشْرِكِينَ كَافَّةً كَمَا يُقَاتِلُونَكُمْ كَافَّةً ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні белгілеген . Олардың төртеуі тыйым салынған айлар . Міне, осы тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен бірге екенін біліңдер
إِنَّمَا النَّسِيءُ زِيَادَةٌ فِي الْكُفْرِ ۖ يُضَلُّ بِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا يُحِلُّونَهُ عَامًا وَيُحَرِّمُونَهُ عَامًا لِيُوَاطِئُوا عِدَّةَ مَا حَرَّمَ اللَّهُ فَيُحِلُّوا مَا حَرَّمَ اللَّهُ ۚ زُيِّنَ لَهُمْ سُوءُ أَعْمَالِهِمْ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Шын мәнінде, айларды кейінгежылжыту күпірлік етуді Аллаһқа қарсыкелуді арттыра түседі. Күпірлік етушілер имансыздар осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны кез келген айды бір жылы халал рұқсат етілген етіп, бір жылы харам тыйым салынған етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا مَا لَكُمْ إِذَا قِيلَ لَكُمُ انْفِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ اثَّاقَلْتُمْ إِلَى الْأَرْضِ ۚ أَرَضِيتُمْ بِالْحَيَاةِ الدُّنْيَا مِنَ الْآخِرَةِ ۚ فَمَا مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا قَلِيلٌ
Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен гөрі осы өткінші жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен ақиреттегімен салыстырғанда болмашы ғана

Choose other languages: