Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #23 Translated in Kazakh

أَجَعَلْتُمْ سِقَايَةَ الْحَاجِّ وَعِمَارَةَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ كَمَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَجَاهَدَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ لَا يَسْتَوُونَ عِنْدَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
الَّذِينَ آمَنُوا وَهَاجَرُوا وَجَاهَدُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ أَعْظَمُ دَرَجَةً عِنْدَ اللَّهِ ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ
Иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында малдары, жандарымен күрескендер, Аллаһтың алдында дәреже тұрғысында өте жоғары. Міне, солар табысқа жетушілер
يُبَشِّرُهُمْ رَبُّهُمْ بِرَحْمَةٍ مِنْهُ وَرِضْوَانٍ وَجَنَّاتٍ لَهُمْ فِيهَا نَعِيمٌ مُقِيمٌ
Оларды Раббысы Өзінен болған мейірімімен, разылығымен және жәннат бақтарымен сүйіншілейді. Онда олар үшін таусылмайтын рахат бар
خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Олар онда мәңгі қалушылар. Ақиқатында, ұлы сый Аллаһта
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا آبَاءَكُمْ وَإِخْوَانَكُمْ أَوْلِيَاءَ إِنِ اسْتَحَبُّوا الْكُفْرَ عَلَى الْإِيمَانِ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ مِنْكُمْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ей, иманға келгендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан гөрі күпірлік етуді имансыздықты артық көрсе, оларды қамқоршы тұтпаңдар. Сендерден кім оларды имансыздарды қамқоршы, дос тұтса, міне, солар әділетсіздер

Choose other languages: