Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #25 Translated in Kazakh

يُبَشِّرُهُمْ رَبُّهُمْ بِرَحْمَةٍ مِنْهُ وَرِضْوَانٍ وَجَنَّاتٍ لَهُمْ فِيهَا نَعِيمٌ مُقِيمٌ
Оларды Раббысы Өзінен болған мейірімімен, разылығымен және жәннат бақтарымен сүйіншілейді. Онда олар үшін таусылмайтын рахат бар
خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Олар онда мәңгі қалушылар. Ақиқатында, ұлы сый Аллаһта
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا آبَاءَكُمْ وَإِخْوَانَكُمْ أَوْلِيَاءَ إِنِ اسْتَحَبُّوا الْكُفْرَ عَلَى الْإِيمَانِ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ مِنْكُمْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ей, иманға келгендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан гөрі күпірлік етуді имансыздықты артық көрсе, оларды қамқоршы тұтпаңдар. Сендерден кім оларды имансыздарды қамқоршы, дос тұтса, міне, солар әділетсіздер
قُلْ إِنْ كَانَ آبَاؤُكُمْ وَأَبْنَاؤُكُمْ وَإِخْوَانُكُمْ وَأَزْوَاجُكُمْ وَعَشِيرَتُكُمْ وَأَمْوَالٌ اقْتَرَفْتُمُوهَا وَتِجَارَةٌ تَخْشَوْنَ كَسَادَهَا وَمَسَاكِنُ تَرْضَوْنَهَا أَحَبَّ إِلَيْكُمْ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَجِهَادٍ فِي سَبِيلِهِ فَتَرَبَّصُوا حَتَّىٰ يَأْتِيَ اللَّهُ بِأَمْرِهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін жазасын келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді
لَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ فِي مَوَاطِنَ كَثِيرَةٍ ۙ وَيَوْمَ حُنَيْنٍ ۙ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ فَلَمْ تُغْنِ عَنْكُمْ شَيْئًا وَضَاقَتْ عَلَيْكُمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ ثُمَّ وَلَّيْتُمْ مُدْبِرِينَ
Аллаһ сендерді көптеген жерлерде және Хунайн күні де жеңіске жеткізді. Сол кезде сендер сандарыңның көптігімен масайраған едіңдер. Бірақ ол сендерге еш пайда бермеді де жер кеңдігіне қарамастан, өздеріңе тар келді. Одан кейін сендер теріс бұрылдыңдар қаштыңдар

Choose other languages: