Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #113 Translated in Kazakh

أَفَمَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ تَقْوَىٰ مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانٍ خَيْرٌ أَمْ مَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ شَفَا جُرُفٍ هَارٍ فَانْهَارَ بِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Өзінің салып жатқан құрылысын Аллаһтан қорқып, сақтанып әрі Оның разылығы үшін қалаған біреу жақсы ма, әлде оның құрылысынқұлағалытұрған бір жардың шетіне қалап, онымен бірге Жаһаннамның отына құлаған біреу ме? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
لَا يَزَالُ بُنْيَانُهُمُ الَّذِي بَنَوْا رِيبَةً فِي قُلُوبِهِمْ إِلَّا أَنْ تَقَطَّعَ قُلُوبُهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Олардың жүректері бөлшектеніп кетпейінше, салған құрылыстары мешіті , жүректерінде үнемі күмән болып қала береді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَىٰ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ ۚ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيَقْتُلُونَ وَيُقْتَلُونَ ۖ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا فِي التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْقُرْآنِ ۚ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِ مِنَ اللَّهِ ۚ فَاسْتَبْشِرُوا بِبَيْعِكُمُ الَّذِي بَايَعْتُمْ بِهِ ۚ وَذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Ақиқатында, Аллаһ имандылардан мүміндерден олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ұлы жетістік
التَّائِبُونَ الْعَابِدُونَ الْحَامِدُونَ السَّائِحُونَ الرَّاكِعُونَ السَّاجِدُونَ الْآمِرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّاهُونَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَالْحَافِظُونَ لِحُدُودِ اللَّهِ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар тәубе етушілер , Құлшылық жасаушылар, Аллаһқа мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. Ей, Мұхаммед, әрі имандыларды мүміндерді сүйіншіле
مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَالَّذِينَ آمَنُوا أَنْ يَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوا أُولِي قُرْبَىٰ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды

Choose other languages: