Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #28 Translated in Kazakh

أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا ۖ فَإِنْ يَشَإِ اللَّهُ يَخْتِمْ عَلَىٰ قَلْبِكَ ۗ وَيَمْحُ اللَّهُ الْبَاطِلَ وَيُحِقُّ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол көкіректегіні жақсы Білуші
وَهُوَ الَّذِي يَقْبَلُ التَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِ وَيَعْفُو عَنِ السَّيِّئَاتِ وَيَعْلَمُ مَا تَفْعَلُونَ
Ол Аллаһ сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі
وَيَسْتَجِيبُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَيَزِيدُهُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ وَالْكَافِرُونَ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ
Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді тілектерін қабылдайды және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар
وَلَوْ بَسَطَ اللَّهُ الرِّزْقَ لِعِبَادِهِ لَبَغَوْا فِي الْأَرْضِ وَلَٰكِنْ يُنَزِّلُ بِقَدَرٍ مَا يَشَاءُ ۚ إِنَّهُ بِعِبَادِهِ خَبِيرٌ بَصِيرٌ
Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол құлдарынан Хабардар, оларды Көруші
وَهُوَ الَّذِي يُنَزِّلُ الْغَيْثَ مِنْ بَعْدِ مَا قَنَطُوا وَيَنْشُرُ رَحْمَتَهُ ۚ وَهُوَ الْوَلِيُّ الْحَمِيدُ
Әрі Ол олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр түсіреді және Өз мейірімін жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы

Choose other languages: