Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَهُوَ الَّذِي يَقْبَلُ التَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِ وَيَعْفُو عَنِ السَّيِّئَاتِ وَيَعْلَمُ مَا تَفْعَلُونَ
Ол Аллаһ сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі
وَيَسْتَجِيبُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَيَزِيدُهُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ وَالْكَافِرُونَ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ
Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді тілектерін қабылдайды және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар
وَلَوْ بَسَطَ اللَّهُ الرِّزْقَ لِعِبَادِهِ لَبَغَوْا فِي الْأَرْضِ وَلَٰكِنْ يُنَزِّلُ بِقَدَرٍ مَا يَشَاءُ ۚ إِنَّهُ بِعِبَادِهِ خَبِيرٌ بَصِيرٌ
Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол құлдарынан Хабардар, оларды Көруші
وَهُوَ الَّذِي يُنَزِّلُ الْغَيْثَ مِنْ بَعْدِ مَا قَنَطُوا وَيَنْشُرُ رَحْمَتَهُ ۚ وَهُوَ الْوَلِيُّ الْحَمِيدُ
Әрі Ол олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр түсіреді және Өз мейірімін жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы
وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَثَّ فِيهِمَا مِنْ دَابَّةٍ ۚ وَهُوَ عَلَىٰ جَمْعِهِمْ إِذَا يَشَاءُ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің жаратылуы әрі Оның оларда әрбір жандыны таратуы Оның белгілерінен Әрі Ол қалаған кезінде оларды жинап алуға Құдіреті жетуші

Choose other languages: