Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #36 Translated in Kazakh

وَأَنْكِحُوا الْأَيَامَىٰ مِنْكُمْ وَالصَّالِحِينَ مِنْ عِبَادِكُمْ وَإِمَائِكُمْ ۚ إِنْ يَكُونُوا فُقَرَاءَ يُغْنِهِمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۗ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Әрі араларыңдағы некеге тұрмағандарды және құлдарың мен күндеріңнің түзулерін үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды Өз кеңшілігімен байытады. Аллаһ мейірімі Кең, бәрін Білуші
وَلْيَسْتَعْفِفِ الَّذِينَ لَا يَجِدُونَ نِكَاحًا حَتَّىٰ يُغْنِيَهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۗ وَالَّذِينَ يَبْتَغُونَ الْكِتَابَ مِمَّا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ فَكَاتِبُوهُمْ إِنْ عَلِمْتُمْ فِيهِمْ خَيْرًا ۖ وَآتُوهُمْ مِنْ مَالِ اللَّهِ الَّذِي آتَاكُمْ ۚ وَلَا تُكْرِهُوا فَتَيَاتِكُمْ عَلَى الْبِغَاءِ إِنْ أَرَدْنَ تَحَصُّنًا لِتَبْتَغُوا عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۚ وَمَنْ يُكْرِهْهُنَّ فَإِنَّ اللَّهَ مِنْ بَعْدِ إِكْرَاهِهِنَّ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әрі Аллаһ Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, үйленуге мүмкіндік таба алмағандар, күнәдан тыйылып өздерін ұстасын. Қолдарың иеленген құлдар мен күңдердің ішінен келісім жаздыруды белгілі бір дүние беріп азаттығын алуды қалайтындармен, егер оларда бір жақсылық барын байқасаңдар оларға келісім жазыңдар әрі Аллаһтың өздеріңе берген дүниесінен Оларға беріңдер. Ар-абыройын сақтауды қалаған күндеріңді, осы өмірдің пайдасын қалап, жеңіл жүріске мәжбүрлемеңдер. Ал, кім оларды осыған мәжбүрлесе, олар мәжбүрленгеннен кейін де Аллаһ мәжбүрленгендерді өте Кешіруші, Оларға аса Мейірімді
وَلَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ آيَاتٍ مُبَيِّنَاتٍ وَمَثَلًا مِنَ الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلِكُمْ وَمَوْعِظَةً لِلْمُتَّقِينَ
Ақиқатында Біз, сендерге анық белгілерді әрі өздеріңнен бұрын өткендердің мысалын ғибрат етіп және тақуалар Аллаһтыңжазасынан қорқып, сақтанатындар үшін насихатты түсірдік
اللَّهُ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ مَثَلُ نُورِهِ كَمِشْكَاةٍ فِيهَا مِصْبَاحٌ ۖ الْمِصْبَاحُ فِي زُجَاجَةٍ ۖ الزُّجَاجَةُ كَأَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّيٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَلَا غَرْبِيَّةٍ يَكَادُ زَيْتُهَا يُضِيءُ وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ ۚ نُورٌ عَلَىٰ نُورٍ ۗ يَهْدِي اللَّهُ لِنُورِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَيَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ لِلنَّاسِ ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ аспандар мен жердің нұры нұр берушісі . Оның нұры қабырғадағы қуыста орналасқан шамға ұқсайды. Шам болса әйнектің ішінде, ал әйнек жарық, інжу жұлдыздай. Ол Шығыстан, батыстан ғана емес, оған күн, күні бойы түсетін берекелі зәйтүнағашымайынан жағылады. Оның майы от тимесе де лап етіп, жарқ етуге дайын. Нұрдың үстіне нұр. Аллаһ қалаған құлын Өз нұрына қарай жүргізеді. Аллаһ адамдарға осылай мысалдар келтіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
فِي بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَنْ تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسَبِّحُ لَهُ فِيهَا بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ
Аллаһ салынуына рұқсат еткен әрі Оның есімі еске алынатын ол үйлерде мешіттерде таңертең әрі кешке Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтін

Choose other languages: