Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #38 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ آيَاتٍ مُبَيِّنَاتٍ وَمَثَلًا مِنَ الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلِكُمْ وَمَوْعِظَةً لِلْمُتَّقِينَ
Ақиқатында Біз, сендерге анық белгілерді әрі өздеріңнен бұрын өткендердің мысалын ғибрат етіп және тақуалар Аллаһтыңжазасынан қорқып, сақтанатындар үшін насихатты түсірдік
اللَّهُ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ مَثَلُ نُورِهِ كَمِشْكَاةٍ فِيهَا مِصْبَاحٌ ۖ الْمِصْبَاحُ فِي زُجَاجَةٍ ۖ الزُّجَاجَةُ كَأَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّيٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَلَا غَرْبِيَّةٍ يَكَادُ زَيْتُهَا يُضِيءُ وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ ۚ نُورٌ عَلَىٰ نُورٍ ۗ يَهْدِي اللَّهُ لِنُورِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَيَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ لِلنَّاسِ ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ аспандар мен жердің нұры нұр берушісі . Оның нұры қабырғадағы қуыста орналасқан шамға ұқсайды. Шам болса әйнектің ішінде, ал әйнек жарық, інжу жұлдыздай. Ол Шығыстан, батыстан ғана емес, оған күн, күні бойы түсетін берекелі зәйтүнағашымайынан жағылады. Оның майы от тимесе де лап етіп, жарқ етуге дайын. Нұрдың үстіне нұр. Аллаһ қалаған құлын Өз нұрына қарай жүргізеді. Аллаһ адамдарға осылай мысалдар келтіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
فِي بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَنْ تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسَبِّحُ لَهُ فِيهَا بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ
Аллаһ салынуына рұқсат еткен әрі Оның есімі еске алынатын ол үйлерде мешіттерде таңертең әрі кешке Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтін
رِجَالٌ لَا تُلْهِيهِمْ تِجَارَةٌ وَلَا بَيْعٌ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ ۙ يَخَافُونَ يَوْمًا تَتَقَلَّبُ فِيهِ الْقُلُوبُ وَالْأَبْصَارُ
адамдарды Аллаһты еске алудан, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаудан және зекетті беруден сауда да, сату да алаңдатпайды. Олар жүректер мен көздер қорыққаннан аударылып тұратын Күннен қайта тірілу күнінен қауіптенеді
لِيَجْزِيَهُمُ اللَّهُ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا وَيَزِيدَهُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۗ وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Сөйтіп Аллаһтың оларға істеген амалдарынан да жақсы қайтарым сый беруі әрі Өз кеңшілігімен арттырып беруі үшін. Аллаһ қалағанына есепсіз өте мол ризық береді

Choose other languages: