Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #86 Translated in Kazakh

أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ ۚ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِنْدِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол Құран Аллаһтан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді
وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِنَ الْأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُوا بِهِ ۖ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَىٰ أُولِي الْأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنْبِطُونَهُ مِنْهُمْ ۗ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَاتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلَّا قَلِيلًا
Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс хабар келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер
فَقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ لَا تُكَلَّفُ إِلَّا نَفْسَكَ ۚ وَحَرِّضِ الْمُؤْمِنِينَ ۖ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَكُفَّ بَأْسَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ وَاللَّهُ أَشَدُّ بَأْسًا وَأَشَدُّ تَنْكِيلًا
Ей, Мұхаммед!/ Аллаһтың жолында шайқас! Сен тек өзің үшін жауаптысың. Әрі имандыларды мүміндерді үнде. Аллаһ күпірлік етушілердің қарсы келушілердің соққысын қайтарады. Аллаһ соққы беруде өте күшті әрі жазалауда өте күшті
مَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً حَسَنَةً يَكُنْ لَهُ نَصِيبٌ مِنْهَا ۖ وَمَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً سَيِّئَةً يَكُنْ لَهُ كِفْلٌ مِنْهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ مُقِيتًا
Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар. Ал, кім жамандықпен араға түссе, содан оған жаман үлес бар. Аллаһ барлық нәрсені Бақылаушы
وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَسِيبًا
Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ әрбір нәрсенің есебін алушы

Choose other languages: