Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #54 Translated in Kazakh

انْظُرْ كَيْفَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ ۖ وَكَفَىٰ بِهِ إِثْمًا مُبِينًا
Олардың Аллаһқа қалай өтірікті құрастырып жала жауып отырғандарына қара. Ал, бұл анық күнә ретінде жеткілікті
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَٰؤُلَاءِ أَهْدَىٰ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلًا
Кітаптан үлес берілгендердің сиқырға әрі тағұтқа сенетінін және күпірлік етушілер серік қосушы имансыздар туралы: «Бұлар жол ұстануда иманға келгендерден әлдеқайда тура», деп айтатындарын көрмедің бе
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يَلْعَنِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ نَصِيرًا
Міне, соларды Аллаһ лағнет еткен. Ал, Аллаһ кімді лағнеттесе, оған ешбір көмек беруші таба алмайсың
أَمْ لَهُمْ نَصِيبٌ مِنَ الْمُلْكِ فَإِذًا لَا يُؤْتُونَ النَّاسَ نَقِيرًا
Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да ешнәрсе бермес еді
أَمْ يَحْسُدُونَ النَّاسَ عَلَىٰ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۖ فَقَدْ آتَيْنَا آلَ إِبْرَاهِيمَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَآتَيْنَاهُمْ مُلْكًا عَظِيمًا
Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік

Choose other languages: