Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #156 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلَمْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ أُولَٰئِكَ سَوْفَ يُؤْتِيهِمْ أُجُورَهُمْ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Аллаһқа сеніп және Оның елшілеріне сеніп әрі олардан ешбірінің арасын айырмағандарға, міне, соларға жақында Ол сыйларын береді. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
يَسْأَلُكَ أَهْلُ الْكِتَابِ أَنْ تُنَزِّلَ عَلَيْهِمْ كِتَابًا مِنَ السَّمَاءِ ۚ فَقَدْ سَأَلُوا مُوسَىٰ أَكْبَرَ مِنْ ذَٰلِكَ فَقَالُوا أَرِنَا اللَّهَ جَهْرَةً فَأَخَذَتْهُمُ الصَّاعِقَةُ بِظُلْمِهِمْ ۚ ثُمَّ اتَّخَذُوا الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ فَعَفَوْنَا عَنْ ذَٰلِكَ ۚ وَآتَيْنَا مُوسَىٰ سُلْطَانًا مُبِينًا
Ей, Мұхаммед! Кітап түсірілгендер иудейлер сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды табынатын зат етіп алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік
وَرَفَعْنَا فَوْقَهُمُ الطُّورَ بِمِيثَاقِهِمْ وَقُلْنَا لَهُمُ ادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُلْنَا لَهُمْ لَا تَعْدُوا فِي السَّبْتِ وَأَخَذْنَا مِنْهُمْ مِيثَاقًا غَلِيظًا
Біз олардан серт алу үшін төбелеріне тауды көтердік және оларға: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер», дедік. Әрі оларға: «Сенбі күніне қатысты шектен шықпаңдар!» дедік. Әрі олардан қатаң серт алдық
فَبِمَا نَقْضِهِمْ مِيثَاقَهُمْ وَكُفْرِهِمْ بِآيَاتِ اللَّهِ وَقَتْلِهِمُ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَقَوْلِهِمْ قُلُوبُنَا غُلْفٌ ۚ بَلْ طَبَعَ اللَّهُ عَلَيْهَا بِكُفْرِهِمْ فَلَا يُؤْمِنُونَ إِلَّا قَلِيلًا
Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері қарсы келулері, мойындамаулары ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» деп айтулары себепті, әрине оны жүректерін күпірліктері шүкірсіздіктері салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді
وَبِكُفْرِهِمْ وَقَوْلِهِمْ عَلَىٰ مَرْيَمَ بُهْتَانًا عَظِيمًا
Әрі күпірліктері имансыздықтары және Мәриям жайында үлкен жала айтқандары себепті

Choose other languages: