Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #152 Translated in Kazakh

لَا يُحِبُّ اللَّهُ الْجَهْرَ بِالسُّوءِ مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا مَنْ ظُلِمَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا عَلِيمًا
Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
إِنْ تُبْدُوا خَيْرًا أَوْ تُخْفُوهُ أَوْ تَعْفُوا عَنْ سُوءٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا قَدِيرًا
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы
إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيُرِيدُونَ أَنْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ اللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيَقُولُونَ نُؤْمِنُ بِبَعْضٍ وَنَكْفُرُ بِبَعْضٍ وَيُرِيدُونَ أَنْ يَتَّخِذُوا بَيْنَ ذَٰلِكَ سَبِيلًا
Анығында, Аллаһқа және Оның елшілеріне күпірлік ететіндер сенбейтіндер, мойындамайтындар және Аллаһ пен елшілерінің арасын айыруды қалап, «кейбіріне сенеміз, ал кейбіріне сенбейміз», дейтіндер және осының арасында бір жол табуды қалайтындар
أُولَٰئِكَ هُمُ الْكَافِرُونَ حَقًّا ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا
міне, бұлар нағыз кәпірлер. Ал, Біз кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік
وَالَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلَمْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ أُولَٰئِكَ سَوْفَ يُؤْتِيهِمْ أُجُورَهُمْ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Аллаһқа сеніп және Оның елшілеріне сеніп әрі олардан ешбірінің арасын айырмағандарға, міне, соларға жақында Ол сыйларын береді. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: