Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #151 Translated in Kazakh

مَا يَفْعَلُ اللَّهُ بِعَذَابِكُمْ إِنْ شَكَرْتُمْ وَآمَنْتُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمًا
Егер шүкір етсеңдер Аллаһтың берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсеңдер және иманға келсеңдер, Аллаһ сендерді неге азаптасын? Аллаһ алғысқа Бөлеуші , бәрін Білуші
لَا يُحِبُّ اللَّهُ الْجَهْرَ بِالسُّوءِ مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا مَنْ ظُلِمَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا عَلِيمًا
Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
إِنْ تُبْدُوا خَيْرًا أَوْ تُخْفُوهُ أَوْ تَعْفُوا عَنْ سُوءٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا قَدِيرًا
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы
إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيُرِيدُونَ أَنْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ اللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيَقُولُونَ نُؤْمِنُ بِبَعْضٍ وَنَكْفُرُ بِبَعْضٍ وَيُرِيدُونَ أَنْ يَتَّخِذُوا بَيْنَ ذَٰلِكَ سَبِيلًا
Анығында, Аллаһқа және Оның елшілеріне күпірлік ететіндер сенбейтіндер, мойындамайтындар және Аллаһ пен елшілерінің арасын айыруды қалап, «кейбіріне сенеміз, ал кейбіріне сенбейміз», дейтіндер және осының арасында бір жол табуды қалайтындар
أُولَٰئِكَ هُمُ الْكَافِرُونَ حَقًّا ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا
міне, бұлар нағыз кәпірлер. Ал, Біз кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік

Choose other languages: