Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #149 Translated in Kazakh

إِنَّ الْمُنَافِقِينَ فِي الدَّرْكِ الْأَسْفَلِ مِنَ النَّارِ وَلَنْ تَجِدَ لَهُمْ نَصِيرًا
Анығында, мұнафиқтар Оттың ең түпкі қабатында болады. Олар үшін ешбір жәрдемші таппайсың
إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا وَأَصْلَحُوا وَاعْتَصَمُوا بِاللَّهِ وَأَخْلَصُوا دِينَهُمْ لِلَّهِ فَأُولَٰئِكَ مَعَ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَسَوْفَ يُؤْتِ اللَّهُ الْمُؤْمِنِينَ أَجْرًا عَظِيمًا
Алайда, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубеге келіп , өздерін түзеткен және Аллаһтан мықты ұстап әрі діндерін бір Аллаһ үшін ықыласпен арнағандардың жөні бөлек, міне, солар имандылармен бірге. Жақында Аллаһ имандыларға мүміндерге ұлы сый береді
مَا يَفْعَلُ اللَّهُ بِعَذَابِكُمْ إِنْ شَكَرْتُمْ وَآمَنْتُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمًا
Егер шүкір етсеңдер Аллаһтың берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсеңдер және иманға келсеңдер, Аллаһ сендерді неге азаптасын? Аллаһ алғысқа Бөлеуші , бәрін Білуші
لَا يُحِبُّ اللَّهُ الْجَهْرَ بِالسُّوءِ مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا مَنْ ظُلِمَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا عَلِيمًا
Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
إِنْ تُبْدُوا خَيْرًا أَوْ تُخْفُوهُ أَوْ تَعْفُوا عَنْ سُوءٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا قَدِيرًا
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы

Choose other languages: