Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #106 Translated in Kazakh

وَإِذَا كُنْتَ فِيهِمْ فَأَقَمْتَ لَهُمُ الصَّلَاةَ فَلْتَقُمْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ مَعَكَ وَلْيَأْخُذُوا أَسْلِحَتَهُمْ فَإِذَا سَجَدُوا فَلْيَكُونُوا مِنْ وَرَائِكُمْ وَلْتَأْتِ طَائِفَةٌ أُخْرَىٰ لَمْ يُصَلُّوا فَلْيُصَلُّوا مَعَكَ وَلْيَأْخُذُوا حِذْرَهُمْ وَأَسْلِحَتَهُمْ ۗ وَدَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ تَغْفُلُونَ عَنْ أَسْلِحَتِكُمْ وَأَمْتِعَتِكُمْ فَيَمِيلُونَ عَلَيْكُمْ مَيْلَةً وَاحِدَةً ۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِنْ كَانَ بِكُمْ أَذًى مِنْ مَطَرٍ أَوْ كُنْتُمْ مَرْضَىٰ أَنْ تَضَعُوا أَسْلِحَتَكُمْ ۖ وَخُذُوا حِذْرَكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ أَعَدَّ لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
فَإِذَا قَضَيْتُمُ الصَّلَاةَ فَاذْكُرُوا اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَىٰ جُنُوبِكُمْ ۚ فَإِذَا اطْمَأْنَنْتُمْ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ ۚ إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا
Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаңдар. Анығында, намаз имандылар мүміндер үшін уақыттары белгіленген парыз
وَلَا تَهِنُوا فِي ابْتِغَاءِ الْقَوْمِ ۖ إِنْ تَكُونُوا تَأْلَمُونَ فَإِنَّهُمْ يَأْلَمُونَ كَمَا تَأْلَمُونَ ۖ وَتَرْجُونَ مِنَ اللَّهِ مَا لَا يَرْجُونَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
соғысқан елдің соңына түсуде осалдық танытпаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, негізінде олар да сендер секілді күйзеледі. Ал сендер болсаңдар, Аллаһтан олар үміт етпейтінді үміт етесіңдер. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
إِنَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِتَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ بِمَا أَرَاكَ اللَّهُ ۚ وَلَا تَكُنْ لِلْخَائِنِينَ خَصِيمًا
Ей, Мұхаммед! Анығында, Біз саған Кітапты адамдардың арасына Аллаһтың өзіңе көрсеткені бойынша үкім етуің үшін ақиқатпен түсірдік. Қиянатшылар үшін тартысушы болма
وَاسْتَغْفِرِ اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Аллаһтан кешірім сұра. Негізінде, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: