Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #90 Translated in Kazakh

أَلَمْ يَرَوْا أَنَّا جَعَلْنَا اللَّيْلَ لِيَسْكُنُوا فِيهِ وَالنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Біз түнді оларға тынығу үшін, ал күндізді жарық етіп жасағанымызды көрмеді ме? Ақиқатында, Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
وَيَوْمَ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ فَفَزِعَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ ۚ وَكُلٌّ أَتَوْهُ دَاخِرِينَ
Әрі сол күні Сүр үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа, аспандардағы және жердегі әрбіреу қатты үрейге түседі. Әрі барлығы Оған бойсұнып, кішірейген күйде келеді
وَتَرَى الْجِبَالَ تَحْسَبُهَا جَامِدَةً وَهِيَ تَمُرُّ مَرَّ السَّحَابِ ۚ صُنْعَ اللَّهِ الَّذِي أَتْقَنَ كُلَّ شَيْءٍ ۚ إِنَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَفْعَلُونَ
Әрі сен қозғалмайды деп ойлаған таулардың бұлттар секілді қозғалып бара жатқанын көресің. Бұл барлық нәрсені кемел етіп жасаған Аллаһтың ісі. Ол сендердің не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِنْهَا وَهُمْ مِنْ فَزَعٍ يَوْمَئِذٍ آمِنُونَ
Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады
وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَكُبَّتْ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ هَلْ تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» делінеді

Choose other languages: