Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #93 Translated in Kazakh

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِنْهَا وَهُمْ مِنْ فَزَعٍ يَوْمَئِذٍ آمِنُونَ
Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады
وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَكُبَّتْ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ هَلْ تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» делінеді
إِنَّمَا أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ رَبَّ هَٰذِهِ الْبَلْدَةِ الَّذِي حَرَّمَهَا وَلَهُ كُلُّ شَيْءٍ ۖ وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын мәнінде, мен қан төгуге, әділетсіздік істеуге, аң аулауға, ағаштарды кесуге тыйым салған осы қаланың Меккенің Раббысына құлшылық етуге бұйырылдым. Әрбір нәрсе- Онікі. Әрі мен мұсылмандардан бойсұнушылардан болуға бұйырылдым
وَأَنْ أَتْلُوَ الْقُرْآنَ ۖ فَمَنِ اهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ ضَلَّ فَقُلْ إِنَّمَا أَنَا مِنَ الْمُنْذِرِينَ
сондай-ақ Құранды оқуға», деп. Кім тура жолмен жүрсе, ол өзі үшін тура жол­мен жүрген болады. Ал, кім адасса, оған: «Анығында, мен тек ескертушілерденмін», -де
وَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ سَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ فَتَعْرِفُونَهَا ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Әрі айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Сендер оларды танисыңдар», деп. Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес

Choose other languages: