Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #53 Translated in Kazakh

قَالُوا تَقَاسَمُوا بِاللَّهِ لَنُبَيِّتَنَّهُ وَأَهْلَهُ ثُمَّ لَنَقُولَنَّ لِوَلِيِّهِ مَا شَهِدْنَا مَهْلِكَ أَهْلِهِ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ
Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант етіңдер, біз, міндетті түрде оған және оның үй-ішіне түнде шабуыл жасаймыз. Содан кейін жақын туыстарына: «Оның үй-ішінің өлтірілуіне қатысқан жоқпыз әрі біз шындықты айтып тұрмыз», деп айтамыз», -деді
وَمَكَرُوا مَكْرًا وَمَكَرْنَا مَكْرًا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Әрі олар Салихқа қарсы айла-шарғы жасады, сонда Біз де амал-тәсіл жасадық, ал олар оны сезбеді
فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ مَكْرِهِمْ أَنَّا دَمَّرْنَاهُمْ وَقَوْمَهُمْ أَجْمَعِينَ
Олардың айлакерліктерінің соңы не болғанына қара! Біз оларды да, елін де бірге жойып жібердік
فَتِلْكَ بُيُوتُهُمْ خَاوِيَةً بِمَا ظَلَمُوا ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Міне, олардың әділетсіздік еткендіктері себебінен қирап, бос қалған үйлері. Ақиқатында, мұнда білетін адамдар үшін белгі бар
وَأَنْجَيْنَا الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Біз иманға келіп, тақуалық еткендерді Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқардық

Choose other languages: