Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #84 Translated in Kazakh

وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِنْ بُيُوتِكُمْ سَكَنًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنْ جُلُودِ الْأَنْعَامِ بُيُوتًا تَسْتَخِفُّونَهَا يَوْمَ ظَعْنِكُمْ وَيَوْمَ إِقَامَتِكُمْ ۙ وَمِنْ أَصْوَافِهَا وَأَوْبَارِهَا وَأَشْعَارِهَا أَثَاثًا وَمَتَاعًا إِلَىٰ حِينٍ
Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да пайда етті
وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِمَّا خَلَقَ ظِلَالًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنَ الْجِبَالِ أَكْنَانًا وَجَعَلَ لَكُمْ سَرَابِيلَ تَقِيكُمُ الْحَرَّ وَسَرَابِيلَ تَقِيكُمْ بَأْسَكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْلِمُونَ
Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер сауыттар жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді
فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Ей, Мұхаммед! Егер олар әділетсіз күнәһарлар теріс бұрылса, шын мәнінде саған анық түрде жеткізу ғана міндет
يَعْرِفُونَ نِعْمَتَ اللَّهِ ثُمَّ يُنْكِرُونَهَا وَأَكْثَرُهُمُ الْكَافِرُونَ
Олар Аллаһтың игілігін таниды мойындайды , ал кейін оны теріске шығарады. Сондай-ақ олардың әділетсіз күнәһарлардың көбі -кәпірлер
وَيَوْمَ نَبْعَثُ مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا ثُمَّ لَا يُؤْذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ
Әрі сол қайта тірілу күні әрбір үмметтен куә жібереміз. Кейін, сондай, күпірлік еткендерге иманға келмегендерге рұқсат берілмейді және талап етілмейді

Choose other languages: