Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #71 Translated in Kazakh

وَمِنْ ثَمَرَاتِ النَّخِيلِ وَالْأَعْنَابِ تَتَّخِذُونَ مِنْهُ سَكَرًا وَرِزْقًا حَسَنًا ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ
Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
وَأَوْحَىٰ رَبُّكَ إِلَى النَّحْلِ أَنِ اتَّخِذِي مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا وَمِنَ الشَّجَرِ وَمِمَّا يَعْرِشُونَ
Әрі Раббың бал арасына білдіріп: «Таулардан, ағаштардан және олардың адамдардың тұрғызғандарынан ұя жасап ал
ثُمَّ كُلِي مِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ فَاسْلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلًا ۚ يَخْرُجُ مِنْ بُطُونِهَا شَرَابٌ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ فِيهِ شِفَاءٌ لِلنَّاسِ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Содан кейін әрбір жемістерден жеп, Раббыңның бағындырған жолдарымен жүр», деді. Олардың іштерінен алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ ثُمَّ يَتَوَفَّاكُمْ ۚ وَمِنْكُمْ مَنْ يُرَدُّ إِلَىٰ أَرْذَلِ الْعُمُرِ لِكَيْ لَا يَعْلَمَ بَعْدَ عِلْمٍ شَيْئًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ قَدِيرٌ
Аллаһ сендерді жаратты. Кейін жандарыңды алады. Сендерден кейбіреулер білгеннен кейін өмірдің ең нашарына кәрілікке , ешнәрсе білмей қалатын кезеңіне қайтарылады. Анығында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Құдіретті , Оның «Бол!» дегенінің бәрі болады
وَاللَّهُ فَضَّلَ بَعْضَكُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الرِّزْقِ ۚ فَمَا الَّذِينَ فُضِّلُوا بِرَادِّي رِزْقِهِمْ عَلَىٰ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَهُمْ فِيهِ سَوَاءٌ ۚ أَفَبِنِعْمَةِ اللَّهِ يَجْحَدُونَ
Аллаһ ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етті. Бірақ ризықта артықшылық берілгендер қол астындағыларын өздерімен тең ету үшін оларға өз үлестерінен бермейді. Сонда олар Аллаһтың берген игілігін жоққа шығара ма

Choose other languages: