Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #44 Translated in Kazakh

إِنَّمَا قَوْلُنَا لِشَيْءٍ إِذَا أَرَدْنَاهُ أَنْ نَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда оған тек «Бол» дейміз, сонда ол бола қалады
وَالَّذِينَ هَاجَرُوا فِي اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا لَنُبَوِّئَنَّهُمْ فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً ۖ وَلَأَجْرُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Ал, өздеріне әділетсіздік жасалғаннан кейін, Аллаһ үшін қоныс аударғандарды осы дүниеде жақсылыққа жайлы қонысқа жайғастырамыз әрі соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің сыйы одан да үлкен, егер білетін болса
الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Солар қоныс аударғандар сабыр қылған әрі өздерінің Раббысына жүгініп, істерін тапсыратындар тәуекел ететіндер
وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۚ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын Тәурат, Інжіл түсірілгендерден сұраңдар
بِالْبَيِّنَاتِ وَالزُّبُرِ ۗ وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
Елшілерді анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен жібердік . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды Құранды түсірдік

Choose other languages: