Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #47 Translated in Kazakh

وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۚ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын Тәурат, Інжіл түсірілгендерден сұраңдар
بِالْبَيِّنَاتِ وَالزُّبُرِ ۗ وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
Елшілерді анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен жібердік . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды Құранды түсірдік
أَفَأَمِنَ الَّذِينَ مَكَرُوا السَّيِّئَاتِ أَنْ يَخْسِفَ اللَّهُ بِهِمُ الْأَرْضَ أَوْ يَأْتِيَهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Айлакерлікпен жамандықты ойластырғандар өздерін Аллаһтың жерге жұттырып жіберуінен немесе өздеріне азаптың сезбеген жақтан келуінен қауіпсіз болды ма
أَوْ يَأْخُذَهُمْ فِي تَقَلُّبِهِمْ فَمَا هُمْ بِمُعْجِزِينَ
Немесе ол азап өздерін тіршілік әрекеті үстінде ұстап, Одан қашып құтыла алмай қалуларынан
أَوْ يَأْخُذَهُمْ عَلَىٰ تَخَوُّفٍ فَإِنَّ رَبَّكُمْ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ
немесе оларды қауіптеніп тұрғанда тұтуынан қауіпсіз болды ма ? Ақиқатында, сендердің Раббың өте Мейірбан, ерекше Мейірімді

Choose other languages: