Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #22 Translated in Kazakh

وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَةَ اللَّهِ لَا تُحْصُوهَا ۗ إِنَّ اللَّهَ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Аллаһтың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعْلِنُونَ
Әрі Аллаһ сендердің нені жасырғандарыңды және нені жария еткендеріңді біледі
وَالَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَا يَخْلُقُونَ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ
Ал олардың Аллаһтан өзге шақыратындары табынатындары еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған
أَمْوَاتٌ غَيْرُ أَحْيَاءٍ ۖ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ
Олар! тірі емес, өлілер. Олар қашан қайта тірілетіндерін де білмейді
إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۚ فَالَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ قُلُوبُهُمْ مُنْكِرَةٌ وَهُمْ مُسْتَكْبِرُونَ
Сендердің құдайларың жалғыз құдай. Ал, соңғы мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндердің жүректері мұны теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар

Choose other languages: