Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَاسْتَكْبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ إِلَيْنَا لَا يُرْجَعُونَ
Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِينَ
Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап жазалап , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал
وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا يُنْصَرُونَ
Әрі Біз оларды Отқа тозаққа шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді
وَأَتْبَعْنَاهُمْ فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا لَعْنَةً ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ هُمْ مِنَ الْمَقْبُوحِينَ
Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар Аллаһтың мейірімінен шеттетілгендерденұсқынсыз, жиіркеніштілерден болады
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ مِنْ بَعْدِ مَا أَهْلَكْنَا الْقُرُونَ الْأُولَىٰ بَصَائِرَ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَحْمَةً لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік

Choose other languages: