Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #42 Translated in Kazakh

وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ مَا عَلِمْتُ لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرِي فَأَوْقِدْ لِي يَا هَامَانُ عَلَى الطِّينِ فَاجْعَلْ لِي صَرْحًا لَعَلِّي أَطَّلِعُ إِلَىٰ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып кірпіш құйып , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді
وَاسْتَكْبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ إِلَيْنَا لَا يُرْجَعُونَ
Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِينَ
Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап жазалап , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал
وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا يُنْصَرُونَ
Әрі Біз оларды Отқа тозаққа шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді
وَأَتْبَعْنَاهُمْ فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا لَعْنَةً ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ هُمْ مِنَ الْمَقْبُوحِينَ
Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар Аллаһтың мейірімінен шеттетілгендерденұсқынсыз, жиіркеніштілерден болады

Choose other languages: