Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #40 Translated in Kazakh

فَلَمَّا جَاءَهُمْ مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا بَيِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُفْتَرًى وَمَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ
Мұса оларға фиръаундықтарға анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді
وَقَالَ مُوسَىٰ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَنْ جَاءَ بِالْهُدَىٰ مِنْ عِنْدِهِ وَمَنْ تَكُونُ لَهُ عَاقِبَةُ الدَّارِ ۖ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ
Әрі Мұса: «Раббым кімнің Оның Өзінен болған тура жолмен келгенін және көркем нәтиженің кімдікі болатынын жақсы біледі. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», деді
وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ مَا عَلِمْتُ لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرِي فَأَوْقِدْ لِي يَا هَامَانُ عَلَى الطِّينِ فَاجْعَلْ لِي صَرْحًا لَعَلِّي أَطَّلِعُ إِلَىٰ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып кірпіш құйып , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді
وَاسْتَكْبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ إِلَيْنَا لَا يُرْجَعُونَ
Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِينَ
Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап жазалап , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал

Choose other languages: