Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #35 Translated in Kazakh

وَأَنْ أَلْقِ عَصَاكَ ۖ فَلَمَّا رَآهَا تَهْتَزُّ كَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّىٰ مُدْبِرًا وَلَمْ يُعَقِّبْ ۚ يَا مُوسَىٰ أَقْبِلْ وَلَا تَخَفْ ۖ إِنَّكَ مِنَ الْآمِنِينَ
Таяғыңды таста», деп үн қатылды. Ол таяғын тастағанда оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. Аллаһ: «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен амандықта болғандар қатарындасың
اسْلُكْ يَدَكَ فِي جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ وَاضْمُمْ إِلَيْكَ جَنَاحَكَ مِنَ الرَّهْبِ ۖ فَذَانِكَ بُرْهَانَانِ مِنْ رَبِّكَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан арылу үшін қанатыңды қолыңды өзіңе тартып қыс. Бұл мұғжиза Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жіберілген екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي قَتَلْتُ مِنْهُمْ نَفْسًا فَأَخَافُ أَنْ يَقْتُلُونِ
Мұса : «Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын
وَأَخِي هَارُونُ هُوَ أَفْصَحُ مِنِّي لِسَانًا فَأَرْسِلْهُ مَعِيَ رِدْءًا يُصَدِّقُنِي ۖ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يُكَذِّبُونِ
Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді
قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَكَ بِأَخِيكَ وَنَجْعَلُ لَكُمَا سُلْطَانًا فَلَا يَصِلُونَ إِلَيْكُمَا ۚ بِآيَاتِنَا أَنْتُمَا وَمَنِ اتَّبَعَكُمَا الْغَالِبُونَ
Аллаһ айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел үстемдік береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», деді

Choose other languages: