Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #36 Translated in Kazakh

اسْلُكْ يَدَكَ فِي جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ وَاضْمُمْ إِلَيْكَ جَنَاحَكَ مِنَ الرَّهْبِ ۖ فَذَانِكَ بُرْهَانَانِ مِنْ رَبِّكَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан арылу үшін қанатыңды қолыңды өзіңе тартып қыс. Бұл мұғжиза Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жіберілген екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي قَتَلْتُ مِنْهُمْ نَفْسًا فَأَخَافُ أَنْ يَقْتُلُونِ
Мұса : «Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын
وَأَخِي هَارُونُ هُوَ أَفْصَحُ مِنِّي لِسَانًا فَأَرْسِلْهُ مَعِيَ رِدْءًا يُصَدِّقُنِي ۖ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يُكَذِّبُونِ
Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді
قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَكَ بِأَخِيكَ وَنَجْعَلُ لَكُمَا سُلْطَانًا فَلَا يَصِلُونَ إِلَيْكُمَا ۚ بِآيَاتِنَا أَنْتُمَا وَمَنِ اتَّبَعَكُمَا الْغَالِبُونَ
Аллаһ айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел үстемдік береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», деді
فَلَمَّا جَاءَهُمْ مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا بَيِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُفْتَرًى وَمَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ
Мұса оларға фиръаундықтарға анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді

Choose other languages: