Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #67 Translated in Kazakh

لَوْلَا يَنْهَاهُمُ الرَّبَّانِيُّونَ وَالْأَحْبَارُ عَنْ قَوْلِهِمُ الْإِثْمَ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَصْنَعُونَ
Олардың ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары, оларды күнәлі сөздері мен тыйым салынғандарды жеуінен неге қайтармайды?! Олардың жасағандары өте жаман
وَقَالَتِ الْيَهُودُ يَدُ اللَّهِ مَغْلُولَةٌ ۚ غُلَّتْ أَيْدِيهِمْ وَلُعِنُوا بِمَا قَالُوا ۘ بَلْ يَدَاهُ مَبْسُوطَتَانِ يُنْفِقُ كَيْفَ يَشَاءُ ۚ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ طُغْيَانًا وَكُفْرًا ۚ وَأَلْقَيْنَا بَيْنَهُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۚ كُلَّمَا أَوْقَدُوا نَارًا لِلْحَرْبِ أَطْفَأَهَا اللَّهُ ۚ وَيَسْعَوْنَ فِي الْأَرْضِ فَسَادًا ۚ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ
Иудейлер: «Аллаһтың қолы байлаулы тар », деді. Олардың өздерінің қолдары байлаулы сараң , олар айтқан сөздері үшін лағнетке ұшырады. Жоқ, олай емес, Оның екі қолы да ашық, Ол қалағанынша жұмсайды. Ей, Мұхаммед! саған Раббыңнан түсірілген Құран олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін имансыздығын арттыра түседі. Біз олардың арасына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Олар әркез соғыс өртін жаққан сайын, Аллаһ оны өшіреді. Олар жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылады. Аллаһ бұзу-бүлдірушілік істеушілерді жақсы көрмейді
وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْكِتَابِ آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَكَفَّرْنَا عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ وَلَأَدْخَلْنَاهُمْ جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Егер де Кітап түсірілгендер иманға келгенде және тақуалық еткендерінде Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарында , Біз сөзсіз олардың жамандықтарын өшіріп, міндетті түрде Нәъим жәннаттарына кіргізер едік
وَلَوْ أَنَّهُمْ أَقَامُوا التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِمْ مِنْ رَبِّهِمْ لَأَكَلُوا مِنْ فَوْقِهِمْ وَمِنْ تَحْتِ أَرْجُلِهِمْ ۚ مِنْهُمْ أُمَّةٌ مُقْتَصِدَةٌ ۖ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ سَاءَ مَا يَعْمَلُونَ
Егер олар өз уақытында Тәурат пен Інжілді әрі олардың Раббысы тарапынан өздеріне түсірілгенді орындағанда, төбелерінен және аяқтарының астынан берілген ризықтарды жеген болар еді. Олардың арасында орташа бір топ бар. Алайда олардың көбінің істейтін істері өте жаман
يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ ۖ وَإِنْ لَمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ ۚ وَاللَّهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Ей, Елші! Өзіңе Раббыңнан түсірілгенді жеткіз. Егер олай істемесең, Оның жібергенін жеткізбеген боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді тура жолға салмайды

Choose other languages: