Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #69 Translated in Kazakh

وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْكِتَابِ آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَكَفَّرْنَا عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ وَلَأَدْخَلْنَاهُمْ جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Егер де Кітап түсірілгендер иманға келгенде және тақуалық еткендерінде Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарында , Біз сөзсіз олардың жамандықтарын өшіріп, міндетті түрде Нәъим жәннаттарына кіргізер едік
وَلَوْ أَنَّهُمْ أَقَامُوا التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِمْ مِنْ رَبِّهِمْ لَأَكَلُوا مِنْ فَوْقِهِمْ وَمِنْ تَحْتِ أَرْجُلِهِمْ ۚ مِنْهُمْ أُمَّةٌ مُقْتَصِدَةٌ ۖ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ سَاءَ مَا يَعْمَلُونَ
Егер олар өз уақытында Тәурат пен Інжілді әрі олардың Раббысы тарапынан өздеріне түсірілгенді орындағанда, төбелерінен және аяқтарының астынан берілген ризықтарды жеген болар еді. Олардың арасында орташа бір топ бар. Алайда олардың көбінің істейтін істері өте жаман
يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ ۖ وَإِنْ لَمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ ۚ وَاللَّهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Ей, Елші! Өзіңе Раббыңнан түсірілгенді жеткіз. Егер олай істемесең, Оның жібергенін жеткізбеген боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді тура жолға салмайды
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَسْتُمْ عَلَىٰ شَيْءٍ حَتَّىٰ تُقِيمُوا التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ ۗ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ طُغْيَانًا وَكُفْرًا ۖ فَلَا تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер Тәурат пен Інжілді және өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенді Құранды орындамайынша, ешқандай нәрсенің хақ нәрсенің үстінде емессіңдер», деп. Саған Раббыңнан түсірілген Құран олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін имансыздығын арттыра түседі. Сондықтан кәпірлер үшін күйінбе
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالصَّابِئُونَ وَالنَّصَارَىٰ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Ақиқатында, иманға келгендерге Мұсылмандарға , сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарға дейінгі! иудей, христиан және сабийлерден Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

Choose other languages: