Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #60 Translated in Kazakh

وَمَنْ يَتَوَلَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالَّذِينَ آمَنُوا فَإِنَّ حِزْبَ اللَّهِ هُمُ الْغَالِبُونَ
Аллаһты және Оның Елшісі мен иманға келгендерді қамқоршы, дос тұтқандар Аллаһтың жақтастары. Міне, солар сөзсіз жеңіске жетушілер
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَكُمْ هُزُوًا وَلَعِبًا مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَالْكُفَّارَ أَوْلِيَاءَ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Ей, иманға келгендер! Сендерден алдын Кітап берілгендерден діндеріңді келеке және ермек етіп алғандарды әрі кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Егер имандылардан мүміндерден болсаңдар, Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар
وَإِذَا نَادَيْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ اتَّخَذُوهَا هُزُوًا وَلَعِبًا ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَعْقِلُونَ
Әрі қашан намазға шақырсаңдар, олар оны мазақ және ермек етеді. Себебі олар ақылдарын істетпейтін ұғынбайтын адам­дар
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ هَلْ تَنْقِمُونَ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلُ وَأَنَّ أَكْثَرَكُمْ فَاسِقُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер бізді Аллаһқа сенгеніміз және өзімізге түсірілгенге Құранға әрі ілгеріде түсірілгенге кітаптарға сенгеніміз үшін айыптайсыңдар ма? Анығында, сендердің көбің бұзықсыңдар бойсұнбайсыңдар ?» деп
قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَٰلِكَ مَثُوبَةً عِنْدَ اللَّهِ ۚ مَنْ لَعَنَهُ اللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ الطَّاغُوتَ ۚ أُولَٰئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ
Айт: «Сендерге, Аллаһтың алдында «сый» қайтарым жаза ретінде бұдан да жаман болатынның хабарын берейін бе? Олар Аллаһтың лағнетіне әрі ашуына ұшырағандар және Ол олардың кейбірін маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар әрі олар тағұтқа Аллаһтан басқаға табынғандар. Міне, солардың орны өте жаман. Әрі олар тура жолдан қатты адасқандар», деп

Choose other languages: