Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #56 Translated in Kazakh

فَتَرَى الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ يُسَارِعُونَ فِيهِمْ يَقُولُونَ نَخْشَىٰ أَنْ تُصِيبَنَا دَائِرَةٌ ۚ فَعَسَى اللَّهُ أَنْ يَأْتِيَ بِالْفَتْحِ أَوْ أَمْرٍ مِنْ عِنْدِهِ فَيُصْبِحُوا عَلَىٰ مَا أَسَرُّوا فِي أَنْفُسِهِمْ نَادِمِينَ
Жүректерінде дерті болғандардың оларға ынтығып: «Біз жамандықтың басымызға қайта айналып келуінен қорқамыз», деп айтатынын көресің. Аллаһ имандыларға жеңіс берер не бір іс жағдай берер, сонда олар іштерінде жасырғандарына өкінеді
وَيَقُولُ الَّذِينَ آمَنُوا أَهَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ ۙ إِنَّهُمْ لَمَعَكُمْ ۚ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فَأَصْبَحُوا خَاسِرِينَ
Сонда имандылар мүміндер бір-біріне : «Өздерінің сендермен бірге екеніне барын салып, Аллаһпен ант ішетіндер осылар ма?» дейді. Олардың амалдары зая кетіп, зиян шегушілерден болды
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا مَنْ يَرْتَدَّ مِنْكُمْ عَنْ دِينِهِ فَسَوْفَ يَأْتِي اللَّهُ بِقَوْمٍ يُحِبُّهُمْ وَيُحِبُّونَهُ أَذِلَّةٍ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ أَعِزَّةٍ عَلَى الْكَافِرِينَ يُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلَا يَخَافُونَ لَوْمَةَ لَائِمٍ ۚ ذَٰلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Сендерден кім дінінен қайтса, онда Аллаһ жақында, Өзі оларды жақсы көретін және олар да Оны жақсы көретін адамдарды әкеледі. Олар имандыларға мүміндерге ізетті, кішіпейіл, кәпірлерге қатты. Аллаһ жолында күреседі және жазғырушының жазғыруынан қорықпайды. Міне, осы Аллаһтың кеңшілігі. Оны қалағанына береді. Аллаһ мейірімі Кең, бәрін Білуші
إِنَّمَا وَلِيُّكُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَالَّذِينَ آمَنُوا الَّذِينَ يُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَهُمْ رَاكِعُونَ
Шын мәнінде, сендердің қамқоршыларың Аллаһ және Оның Елшісі әрі иманға келгендер. Солар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындайтын және зекетті беретін әрі солар Раббысына беріле рүкуғта иілетіндер
وَمَنْ يَتَوَلَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالَّذِينَ آمَنُوا فَإِنَّ حِزْبَ اللَّهِ هُمُ الْغَالِبُونَ
Аллаһты және Оның Елшісі мен иманға келгендерді қамқоршы, дос тұтқандар Аллаһтың жақтастары. Міне, солар сөзсіз жеңіске жетушілер

Choose other languages: