Surah Al-Maeda Ayahs #40 Translated in Kazakh
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ أَنَّ لَهُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لِيَفْتَدُوا بِهِ مِنْ عَذَابِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَا تُقُبِّلَ مِنْهُمْ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, сондай күпірлік еткендер Аллаһқа сенбегендер, қарсы шыққандар , егер жер жүзіндегі барлық нәрсе және сонымен бірге тағы да сонша нәрселер өздерінде болып, оны Қиямет күнінің азабынан құтылу үшін төлемге берсе де олардан қабыл етілмес еді. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
يُرِيدُونَ أَنْ يَخْرُجُوا مِنَ النَّارِ وَمَا هُمْ بِخَارِجِينَ مِنْهَا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُقِيمٌ
Олар Оттан тозақтан шығуды қалағанымен, одан шыға алмайды. Сондай-ақ, олар үшін тұрақты азап бар
وَالسَّارِقُ وَالسَّارِقَةُ فَاقْطَعُوا أَيْدِيَهُمَا جَزَاءً بِمَا كَسَبَا نَكَالًا مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Еркек ұры және әйел ұрының қылмыстарына сай қайтарым жаза және Аллаһтан ескерту ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
فَمَنْ تَابَ مِنْ بَعْدِ ظُلْمِهِ وَأَصْلَحَ فَإِنَّ اللَّهَ يَتُوبُ عَلَيْهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Кім әділетсіздік істегеннен кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубеге келіп , түзетсе, әлбетте, Аллаһ оныңтәубесін қабыл етеді. Аллаһ өте Кешірімді Ғафур , ерекше Мейірімді Рахим
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ يُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі екенін білмедің бе? Ол қалағанын азаптап, қалағанын кешіреді. Әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
