Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #23 Translated in Kazakh

يَا أَهْلَ الْكِتَابِ قَدْ جَاءَكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ عَلَىٰ فَتْرَةٍ مِنَ الرُّسُلِ أَنْ تَقُولُوا مَا جَاءَنَا مِنْ بَشِيرٍ وَلَا نَذِيرٍ ۖ فَقَدْ جَاءَكُمْ بَشِيرٌ وَنَذِيرٌ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында, сендерге елшілердің келуінің арасы үзілген кезде: «Бізге қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ешкім келмеді», деп айтпауларың үшін сендерге түсіндіріп беруші Елшіміз Мұхаммед! келді. Шын мәнінде, сендерге қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші келді! Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَعَلَ فِيكُمْ أَنْبِيَاءَ وَجَعَلَكُمْ مُلُوكًا وَآتَاكُمْ مَا لَمْ يُؤْتِ أَحَدًا مِنَ الْعَالَمِينَ
Кезінде Мұса өз еліне: «Әй, елім! Аллаһтың сендерге берген игілігін еске алыңдар. Ол сендердің араларыңа пайғамбарлар бекітті, сендерді құлдықтан құтқарып , патша өз-өздерін еркін басқарушы етті әрі әлемдерде ешкімге бермегенін сендерге берді
يَا قَوْمِ ادْخُلُوا الْأَرْضَ الْمُقَدَّسَةَ الَّتِي كَتَبَ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَرْتَدُّوا عَلَىٰ أَدْبَارِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ
Әй, елім! Аллаһтың сендерге жазған қасиетті жеріне кіріңдер де арттарыңа қайтпаңдар, әйтпесе зиян шегушілерден боласыңдар», деді
قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّ فِيهَا قَوْمًا جَبَّارِينَ وَإِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا حَتَّىٰ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنَّا دَاخِلُونَ
Олар: «Ей, Мұса! Онда қуатты бір ел бар. Солар ол жерден шықпайынша, біз ол жерге мүлдем кірмейміз. Олар сол жерден шығып кетсе ғана кіреміз», деді
قَالَ رَجُلَانِ مِنَ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمَا ادْخُلُوا عَلَيْهِمُ الْبَابَ فَإِذَا دَخَلْتُمُوهُ فَإِنَّكُمْ غَالِبُونَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَتَوَكَّلُوا إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Аллаһтан қорыққандардан болған, өздерін Аллаһ игілікке бөлеген екі кісі: «Оларға қақпадан кіріндер! Қашан оған кірсеңдер, әлбетте жеңіске жетесіңдер. Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһқа жүгініп, Оған істерінді тапсырыңдар тәуекел етіңдер » деді

Choose other languages: