Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #120 Translated in Kazakh

وَإِذْ قَالَ اللَّهُ يَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ أَأَنْتَ قُلْتَ لِلنَّاسِ اتَّخِذُونِي وَأُمِّيَ إِلَٰهَيْنِ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ قَالَ سُبْحَانَكَ مَا يَكُونُ لِي أَنْ أَقُولَ مَا لَيْسَ لِي بِحَقٍّ ۚ إِنْ كُنْتُ قُلْتُهُ فَقَدْ عَلِمْتَهُ ۚ تَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِي وَلَا أَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِكَ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ
Әрі Қиямет күні Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі құдай етіп алыңдар», деп айтқан сен бе?» дегенде, Иса : «Сен кемшілік атаулыдан пәксің! Өзімнің құқым болмаған нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам, ақиқатында, Сен оны, әлбетте білуші едің. Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Ақиқатында, Сен Өзің ғана ғайыптарды Білушісің
مَا قُلْتُ لَهُمْ إِلَّا مَا أَمَرْتَنِي بِهِ أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْ ۚ وَكُنْتُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا مَا دُمْتُ فِيهِمْ ۖ فَلَمَّا تَوَفَّيْتَنِي كُنْتَ أَنْتَ الرَّقِيبَ عَلَيْهِمْ ۚ وَأَنْتَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ
Мен оларға: «Менің Раббым әрі сендердің Раббың Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер», деп, Сен бұйырғанды ғана айттым. Әрі олардың ішінде болған кезімде, оларға куә болдым. Ал мені Өзіңе алғанда, оларды Өзің бақыладың. Сен барлық нәрсеге куәсің
إِنْ تُعَذِّبْهُمْ فَإِنَّهُمْ عِبَادُكَ ۖ وَإِنْ تَغْفِرْ لَهُمْ فَإِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Егер оларды азаптасаң, әлбетте олар Өзіңнің құлдарың. Ал, егер оларды кешірсең, ақиқатында, әлбетте Сен бәрінен Үстем, аса Данасың», дейді
قَالَ اللَّهُ هَٰذَا يَوْمُ يَنْفَعُ الصَّادِقِينَ صِدْقُهُمْ ۚ لَهُمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Аллаһ: «бұл шын сөзділерге шындықтары пайда беретін күн. Оларға астынан өзендер ағып жататын жәннат бақтары бар. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы болды, олар Одан Аллаһтан разы болды. Міне, осы ұлы жетістік», дейді
لِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا فِيهِنَّ ۚ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің әрі олардағы нәрселердің билігі Аллаһтікі. Әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы

Choose other languages: