Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَلَبِثُوا فِي كَهْفِهِمْ ثَلَاثَ مِائَةٍ سِنِينَ وَازْدَادُوا تِسْعًا
Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тоғыз қосылады
قُلِ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا لَبِثُوا ۖ لَهُ غَيْبُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ أَبْصِرْ بِهِ وَأَسْمِعْ ۚ مَا لَهُمْ مِنْ دُونِهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا يُشْرِكُ فِي حُكْمِهِ أَحَدًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Олардың қанша болғанын Аллаһ жақсы біледі. Аспандардың және жердің құпиясы Оған тән. Ол қандай керемет Көруші және Естуші! Оларда Одан өзге қамқоршы жоқ әрі Ол билігіне ешкімді ортақтастырмайды», деп
وَاتْلُ مَا أُوحِيَ إِلَيْكَ مِنْ كِتَابِ رَبِّكَ ۖ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهِ وَلَنْ تَجِدَ مِنْ دُونِهِ مُلْتَحَدًا
Ей, Мұхаммед! Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге пана қорғаныш таппайсың
وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ ۖ وَلَا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَا تُطِعْ مَنْ أَغْفَلْنَا قَلْبَهُ عَنْ ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَاهُ وَكَانَ أَمْرُهُ فُرُطًا
Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын разылығын қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба
وَقُلِ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ فَمَنْ شَاءَ فَلْيُؤْمِنْ وَمَنْ شَاءَ فَلْيَكْفُرْ ۚ إِنَّا أَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمْ سُرَادِقُهَا ۚ وَإِنْ يَسْتَغِيثُوا يُغَاثُوا بِمَاءٍ كَالْمُهْلِ يَشْوِي الْوُجُوهَ ۚ بِئْسَ الشَّرَابُ وَسَاءَتْ مُرْتَفَقًا
Әрі айт: «Ақиқат сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін иманға келмесін »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын

Choose other languages: