Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #63 Translated in Kazakh

وَمَا مَنَعَنَا أَنْ نُرْسِلَ بِالْآيَاتِ إِلَّا أَنْ كَذَّبَ بِهَا الْأَوَّلُونَ ۚ وَآتَيْنَا ثَمُودَ النَّاقَةَ مُبْصِرَةً فَظَلَمُوا بِهَا ۚ وَمَا نُرْسِلُ بِالْآيَاتِ إِلَّا تَخْوِيفًا
Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны мұғжизаны өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін мұғжиза ретінде түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды кереметтерді тек қорқыту үшін ғана жібереміз
وَإِذْ قُلْنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِالنَّاسِ ۚ وَمَا جَعَلْنَا الرُّؤْيَا الَّتِي أَرَيْنَاكَ إِلَّا فِتْنَةً لِلنَّاسِ وَالشَّجَرَةَ الْمَلْعُونَةَ فِي الْقُرْآنِ ۚ وَنُخَوِّفُهُمْ فَمَا يَزِيدُهُمْ إِلَّا طُغْيَانًا كَبِيرًا
Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады
وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ قَالَ أَأَسْجُدُ لِمَنْ خَلَقْتَ طِينًا
Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс сәжде етпей : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» деді
قَالَ أَرَأَيْتَكَ هَٰذَا الَّذِي كَرَّمْتَ عَلَيَّ لَئِنْ أَخَّرْتَنِ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَأَحْتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُ إِلَّا قَلِيلًا
Ібіліс : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең кешіктірсен , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», деді
قَالَ اذْهَبْ فَمَنْ تَبِعَكَ مِنْهُمْ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَاؤُكُمْ جَزَاءً مَوْفُورًا
Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың Жаһаннам, ол іс-амалдардың қайтарымы ретіндегі толық жаза

Choose other languages: