Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #65 Translated in Kazakh

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ قَالَ أَأَسْجُدُ لِمَنْ خَلَقْتَ طِينًا
Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс сәжде етпей : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» деді
قَالَ أَرَأَيْتَكَ هَٰذَا الَّذِي كَرَّمْتَ عَلَيَّ لَئِنْ أَخَّرْتَنِ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَأَحْتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُ إِلَّا قَلِيلًا
Ібіліс : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең кешіктірсен , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», деді
قَالَ اذْهَبْ فَمَنْ تَبِعَكَ مِنْهُمْ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَاؤُكُمْ جَزَاءً مَوْفُورًا
Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың Жаһаннам, ол іс-амалдардың қайтарымы ретіндегі толық жаза
وَاسْتَفْزِزْ مَنِ اسْتَطَعْتَ مِنْهُمْ بِصَوْتِكَ وَأَجْلِبْ عَلَيْهِمْ بِخَيْلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكْهُمْ فِي الْأَمْوَالِ وَالْأَوْلَادِ وَعِدْهُمْ ۚ وَمَا يَعِدُهُمُ الشَّيْطَانُ إِلَّا غُرُورًا
Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден алдаудан басқа нәрсені уәде ете алмайды
إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَانٌ ۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلًا
Ақиқатында, құлдарыма Маған шы­найы құл болғандарға- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті

Choose other languages: