Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #16 Translated in Kazakh

وَجَعَلْنَا اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ آيَتَيْنِ ۖ فَمَحَوْنَا آيَةَ اللَّيْلِ وَجَعَلْنَا آيَةَ النَّهَارِ مُبْصِرَةً لِتَبْتَغُوا فَضْلًا مِنْ رَبِّكُمْ وَلِتَعْلَمُوا عَدَدَ السِّنِينَ وَالْحِسَابَ ۚ وَكُلَّ شَيْءٍ فَصَّلْنَاهُ تَفْصِيلًا
Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік
وَكُلَّ إِنْسَانٍ أَلْزَمْنَاهُ طَائِرَهُ فِي عُنُقِهِ ۖ وَنُخْرِجُ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كِتَابًا يَلْقَاهُ مَنْشُورًا
Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді
اقْرَأْ كِتَابَكَ كَفَىٰ بِنَفْسِكَ الْيَوْمَ عَلَيْكَ حَسِيبًا
Оған : «Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді
مَنِ اهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَا ۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَىٰ ۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبْعَثَ رَسُولًا
Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін өз пайдасына жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін күнәсін көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз
وَإِذَا أَرَدْنَا أَنْ نُهْلِكَ قَرْيَةً أَمَرْنَا مُتْرَفِيهَا فَفَسَقُوا فِيهَا فَحَقَّ عَلَيْهَا الْقَوْلُ فَدَمَّرْنَاهَا تَدْمِيرًا
Ал, бір елді мекенді күнәлары үшін жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып дәулетте мастанып жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты жазылған сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны күнәғабатқан елді мекенді біржола күйретеміз

Choose other languages: