Surah Al-Isra Ayahs #19 Translated in Kazakh
مَنِ اهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَا ۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَىٰ ۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبْعَثَ رَسُولًا
Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін өз пайдасына жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін күнәсін көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз
وَإِذَا أَرَدْنَا أَنْ نُهْلِكَ قَرْيَةً أَمَرْنَا مُتْرَفِيهَا فَفَسَقُوا فِيهَا فَحَقَّ عَلَيْهَا الْقَوْلُ فَدَمَّرْنَاهَا تَدْمِيرًا
Ал, бір елді мекенді күнәлары үшін жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып дәулетте мастанып жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты жазылған сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны күнәғабатқан елді мекенді біржола күйретеміз
وَكَمْ أَهْلَكْنَا مِنَ الْقُرُونِ مِنْ بَعْدِ نُوحٍ ۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ بِذُنُوبِ عِبَادِهِ خَبِيرًا بَصِيرًا
Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. Ей, Мұхаммед! Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті
مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاءُ لِمَنْ نُرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلَاهَا مَذْمُومًا مَدْحُورًا
Кім тез өте шығатынды осы өмірді қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, Аллаһтың мейірімінен алыстатылған түрде түседі
وَمَنْ أَرَادَ الْآخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعْيَهَا وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ كَانَ سَعْيُهُمْ مَشْكُورًا
Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді ақиретті қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы Аллаһтың алдында алғысқа бөленеді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
