Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #103 Translated in Kazakh

أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ قَادِرٌ عَلَىٰ أَنْ يَخْلُقَ مِثْلَهُمْ وَجَعَلَ لَهُمْ أَجَلًا لَا رَيْبَ فِيهِ فَأَبَى الظَّالِمُونَ إِلَّا كُفُورًا
Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен имансыздықтан басқаны теріске шығарады қаламайды
قُلْ لَوْ أَنْتُمْ تَمْلِكُونَ خَزَائِنَ رَحْمَةِ رَبِّي إِذًا لَأَمْسَكْتُمْ خَشْيَةَ الْإِنْفَاقِ ۚ وَكَانَ الْإِنْسَانُ قَتُورًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَىٰ تِسْعَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ ۖ فَاسْأَلْ بَنِي إِسْرَائِيلَ إِذْ جَاءَهُمْ فَقَالَ لَهُ فِرْعَوْنُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَا مُوسَىٰ مَسْحُورًا
Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол Мұса оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», деді
قَالَ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا أَنْزَلَ هَٰؤُلَاءِ إِلَّا رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ بَصَائِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَا فِرْعَوْنُ مَثْبُورًا
Мұса : «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді
فَأَرَادَ أَنْ يَسْتَفِزَّهُمْ مِنَ الْأَرْضِ فَأَغْرَقْنَاهُ وَمَنْ مَعَهُ جَمِيعًا
Ол Фиръаун оларды ол жерден шығарып жойып жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық

Choose other languages: