Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hujraat Ayahs #16 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ ۖ وَلَا تَجَسَّسُوا وَلَا يَغْتَبْ بَعْضُكُمْ بَعْضًا ۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَنْ يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَحِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Дәлелсіз жорамал ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың күмәнның кейбірі күнә. Сондай-ақ бір-біріңді аңдымаңдар, әрі бірің өзгелеріңнің сыртынан ғайбаттамасын ол естіген кезде жақтырмайтын сөз айтпасын . Сендерден біреу өлген бауырының етін жеуді ұната ма? Әрине, сендер оны жек көресіңдер. Әрі Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ
Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Аллаһтың алдындағы сендердің ең құрметтілерің тақуаларың Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарың . Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар
قَالَتِ الْأَعْرَابُ آمَنَّا ۖ قُلْ لَمْ تُؤْمِنُوا وَلَٰكِنْ قُولُوا أَسْلَمْنَا وَلَمَّا يَدْخُلِ الْإِيمَانُ فِي قُلُوبِكُمْ ۖ وَإِنْ تُطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَا يَلِتْكُمْ مِنْ أَعْمَالِكُمْ شَيْئًا ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Бәдәуилер: «Біз иманға келдік сендік »,- деді. Айт: «Сендер иманға келмедіңдер жетпедіңдер . Алайда: «Бойсұндық», деп айтыңдар. Ал иман сендердің жүректеріңе әлі кірмеді. Егер Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнсаңдар, Ол сендердің амалдарыңнан ешнәрсені кемітпейді. Ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді», деп
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا وَجَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الصَّادِقُونَ
Имандылар мүміндер олар Аллаһқа және Оның елшісіне сеніп, одан кейін күмәнданбағандар, әрі мал-дәулеттері және жандарымен Аллаһтың жолында күрескендер. Міне, осылар нағыз шын сөзділер
قُلْ أَتُعَلِّمُونَ اللَّهَ بِدِينِكُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ аспандар мен жердегі нәрселерді біліп тұрғанда, сендер Аллаһқа өздеріңнің діндерің жайлы білдірмекшісіңдер ме? Аллаһ барлық нәрсені Білуші», деп

Choose other languages: