Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hujraat Ayahs #18 Translated in Kazakh

قَالَتِ الْأَعْرَابُ آمَنَّا ۖ قُلْ لَمْ تُؤْمِنُوا وَلَٰكِنْ قُولُوا أَسْلَمْنَا وَلَمَّا يَدْخُلِ الْإِيمَانُ فِي قُلُوبِكُمْ ۖ وَإِنْ تُطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَا يَلِتْكُمْ مِنْ أَعْمَالِكُمْ شَيْئًا ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Бәдәуилер: «Біз иманға келдік сендік »,- деді. Айт: «Сендер иманға келмедіңдер жетпедіңдер . Алайда: «Бойсұндық», деп айтыңдар. Ал иман сендердің жүректеріңе әлі кірмеді. Егер Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнсаңдар, Ол сендердің амалдарыңнан ешнәрсені кемітпейді. Ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді», деп
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا وَجَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الصَّادِقُونَ
Имандылар мүміндер олар Аллаһқа және Оның елшісіне сеніп, одан кейін күмәнданбағандар, әрі мал-дәулеттері және жандарымен Аллаһтың жолында күрескендер. Міне, осылар нағыз шын сөзділер
قُلْ أَتُعَلِّمُونَ اللَّهَ بِدِينِكُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ аспандар мен жердегі нәрселерді біліп тұрғанда, сендер Аллаһқа өздеріңнің діндерің жайлы білдірмекшісіңдер ме? Аллаһ барлық нәрсені Білуші», деп
يَمُنُّونَ عَلَيْكَ أَنْ أَسْلَمُوا ۖ قُلْ لَا تَمُنُّوا عَلَيَّ إِسْلَامَكُمْ ۖ بَلِ اللَّهُ يَمُنُّ عَلَيْكُمْ أَنْ هَدَاكُمْ لِلْإِيمَانِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Олар бойсұнғандықтарын исламды қабылдағандарын саған міндетсінеді. Айт: «Бойсұнғандықтарыңды мұсылман болғандарыңды маған міндетсінбеңдер. Анығында, егер шын сөзді болсаңдар, сендерді Аллаһ иманға алып келумен өздеріңе игілік етуде», деп
إِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ
Ақиқатында, Аллаһ аспандардың және жердің құпиясын біледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды толық Көруші

Choose other languages: