Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #66 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ
Өйткені, Аллаһ әл-Хаққ Ақиқат , ал олардың Одан өзге жалынып сұрағандары жалған. Әрі Аллаһ аса Жоғары, өте Үлкен
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَتُصْبِحُ الْأَرْضُ مُخْضَرَّةً ۗ إِنَّ اللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٌ
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін, сөйтіп жердің жап-жасыл болатынын көрмедің бе? Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ , бәрінен Хабардар
لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Онікі. Анығында Аллаһ Бай, аса Мақтаулы
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِي الْأَرْضِ وَالْفُلْكَ تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَيُمْسِكُ السَّمَاءَ أَنْ تَقَعَ عَلَى الْأَرْضِ إِلَّا بِإِذْنِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ بِالنَّاسِ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ
Аллаһтың сендерге жердегі нәрселерді және теңізде Өзінің әмірімен жүзетін кемелерді бағындырғанын көрмедің бе? Ол аспанды, Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап түсуден ұстап тұрады. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді
وَهُوَ الَّذِي أَحْيَاكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۗ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَكَفُورٌ
Әрі Ол сондай -сендерге өмір береді, кейін жандарыңды алады, содан кейін қайтатірілтеді. Негізінде адам баласы шүкіршілік етпеуші игіліктерге алғыс білдірмеуші

Choose other languages: