Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #41 Translated in Kazakh

لَنْ يَنَالَ اللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَاؤُهَا وَلَٰكِنْ يَنَالُهُ التَّقْوَىٰ مِنْكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرَهَا لَكُمْ لِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمْ ۗ وَبَشِّرِ الْمُحْسِنِينَ
Аллаһқа олардың құрбандыққа сойылған малдардың еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың жетеді. Сендерді тура жолмен жүргізгендігіне, Аллаһты ұлықтауларың үшін оларды малдарды сендерге осылай бағындырып берді. IЕй, Мұхаммед!! Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр
إِنَّ اللَّهَ يُدَافِعُ عَنِ الَّذِينَ آمَنُوا ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ خَوَّانٍ كَفُورٍ
Күмәнсіз, Аллаһ иманға келгендерді қорғайды. Шын мәнінде, Аллаһ әрбір қиянатшыл, берілген игіліктерді жоққа шығарушыны жақсы көрмейді
أُذِنَ لِلَّذِينَ يُقَاتَلُونَ بِأَنَّهُمْ ظُلِمُوا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ نَصْرِهِمْ لَقَدِيرٌ
Өздеріне қарсы соғыс ашылғандарға, әділетсіздікке ұшырағандықтары себепті соғысуға рұқсат етілді. Сөзсіз, Аллаһ оларға көмектесуге Құдіретті
الَّذِينَ أُخْرِجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ بِغَيْرِ حَقٍّ إِلَّا أَنْ يَقُولُوا رَبُّنَا اللَّهُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَهُدِّمَتْ صَوَامِعُ وَبِيَعٌ وَصَلَوَاتٌ وَمَسَاجِدُ يُذْكَرُ فِيهَا اسْمُ اللَّهِ كَثِيرًا ۗ وَلَيَنْصُرَنَّ اللَّهُ مَنْ يَنْصُرُهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар елдерінен, «Раббымыз Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар келья , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне дініне көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем
الَّذِينَ إِنْ مَكَّنَّاهُمْ فِي الْأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنْكَرِ ۗ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ
Егер оларды Аллаһ жолына көмектесетіндерді жер бетінде орнықтырып, бекемдесек, олар намазды толық орындайды, зекетті береді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Ал, істердің соңы Аллаһта

Choose other languages: