Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #42 Translated in Kazakh

إِنَّ اللَّهَ يُدَافِعُ عَنِ الَّذِينَ آمَنُوا ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ خَوَّانٍ كَفُورٍ
Күмәнсіз, Аллаһ иманға келгендерді қорғайды. Шын мәнінде, Аллаһ әрбір қиянатшыл, берілген игіліктерді жоққа шығарушыны жақсы көрмейді
أُذِنَ لِلَّذِينَ يُقَاتَلُونَ بِأَنَّهُمْ ظُلِمُوا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ نَصْرِهِمْ لَقَدِيرٌ
Өздеріне қарсы соғыс ашылғандарға, әділетсіздікке ұшырағандықтары себепті соғысуға рұқсат етілді. Сөзсіз, Аллаһ оларға көмектесуге Құдіретті
الَّذِينَ أُخْرِجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ بِغَيْرِ حَقٍّ إِلَّا أَنْ يَقُولُوا رَبُّنَا اللَّهُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَهُدِّمَتْ صَوَامِعُ وَبِيَعٌ وَصَلَوَاتٌ وَمَسَاجِدُ يُذْكَرُ فِيهَا اسْمُ اللَّهِ كَثِيرًا ۗ وَلَيَنْصُرَنَّ اللَّهُ مَنْ يَنْصُرُهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар елдерінен, «Раббымыз Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар келья , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне дініне көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем
الَّذِينَ إِنْ مَكَّنَّاهُمْ فِي الْأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنْكَرِ ۗ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ
Егер оларды Аллаһ жолына көмектесетіндерді жер бетінде орнықтырып, бекемдесек, олар намазды толық орындайды, зекетті береді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Ал, істердің соңы Аллаһта
وَإِنْ يُكَذِّبُوكَ فَقَدْ كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَعَادٌ وَثَمُودُ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікшіге шығарса, бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад және Сәмұд елі де елшілерді өтірікшіге шығарған еді

Choose other languages: