Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَإِذْ بَوَّأْنَا لِإِبْرَاهِيمَ مَكَانَ الْبَيْتِ أَنْ لَا تُشْرِكْ بِي شَيْئًا وَطَهِّرْ بَيْتِيَ لِلطَّائِفِينَ وَالْقَائِمِينَ وَالرُّكَّعِ السُّجُودِ
Міне, кезінде Біз Ибраһимге Үйдің Қағбаның орнын көрсетіп: «Маған ешнәрсені серік етіп қоспа және Үйімді тәуап етушілер, намазда тұрушы, рукуғ, сәжде жасаушылар үшін тазала
وَأَذِّنْ فِي النَّاسِ بِالْحَجِّ يَأْتُوكَ رِجَالًا وَعَلَىٰ كُلِّ ضَامِرٍ يَأْتِينَ مِنْ كُلِّ فَجٍّ عَمِيقٍ
Әрі адамдардың арасында қажылық жайында хабарла. Олар саған жаяу және түрлі жүдеген жануарлар үстінде алыс жерлерден жердің түкпір-түкпірінен келеді
لِيَشْهَدُوا مَنَافِعَ لَهُمْ وَيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِي أَيَّامٍ مَعْلُومَاتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُمْ مِنْ بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۖ فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِيرَ
Олар өздері үшін пайдалы нәрселерге куә болсын және белгілі күндерде өздеріне Ол Аллаһ ризық етіп берген малдардың үстінен шалатын кезде Аллаһтың атын еске алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке жегізіңдер
ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Содан кейін олар денелеріндегі таза еместен арылсын, нәзірлерін орындасын және ежелгі Үйді Қағбаны тәуап етсін»,- дедік
ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّهِ فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ عِنْدَ رَبِّهِ ۗ وَأُحِلَّتْ لَكُمُ الْأَنْعَامُ إِلَّا مَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ ۖ فَاجْتَنِبُوا الرِّجْسَ مِنَ الْأَوْثَانِ وَاجْتَنِبُوا قَوْلَ الزُّورِ
Міне, осы сендерге Аллаһтың бұйырғаны ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе, бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге тыйым салынғаны туралы оқылғаннан басқа малдар рұқсат халал етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар

Choose other languages: