Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #33 Translated in Kazakh

ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Содан кейін олар денелеріндегі таза еместен арылсын, нәзірлерін орындасын және ежелгі Үйді Қағбаны тәуап етсін»,- дедік
ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّهِ فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ عِنْدَ رَبِّهِ ۗ وَأُحِلَّتْ لَكُمُ الْأَنْعَامُ إِلَّا مَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ ۖ فَاجْتَنِبُوا الرِّجْسَ مِنَ الْأَوْثَانِ وَاجْتَنِبُوا قَوْلَ الزُّورِ
Міне, осы сендерге Аллаһтың бұйырғаны ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе, бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге тыйым салынғаны туралы оқылғаннан басқа малдар рұқсат халал етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар
حُنَفَاءَ لِلَّهِ غَيْرَ مُشْرِكِينَ بِهِ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاءِ فَتَخْطَفُهُ الطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ الرِّيحُ فِي مَكَانٍ سَحِيقٍ
Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді
ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ
Міне, осылай. Ал, кім Аллаһтың белгі-рәсімдерін ұлы деп білсе, сөзсіз, бұл жүректердің тақуалығынан Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануынан
لَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Сендерге оларда белгілі уақытқа дейін пайда бар. Кейін олардың шалынатын орны ежелгі Үйдің Қағбаның маңы

Choose other languages: